Қоғамдық қабылдау
Казталов аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы А.Берденов қоғамдық қабылдау жүргізді. Қабылдауда қазіргі таңда Әжібай ауылында қызмет жасап жатырған Байдуллин Данияр қызметтік үй сұрап өтініш түсірді.
Бұл өтінішті аудан әкімдігі жанынан құрылған комиссия қарады.
Аудан әкімдігі жанындағы тұрғын үй беру комиссиясының шешімімен өтініш түсірген азаматқа қызметтік үй берілді.
