Қоғамдық қабылдау.
Бүгін Ақжайық аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының мәжіліс залында бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес, «Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мәлік Қабдыұлы тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға келген Нұрболат Гилжанұлы М.Әуезов атындағы №2 мектептің шаруашылық меңгерушісі мектеп ауласындағы гүлдерді абаттандыру жұмысына қара топырақ (чернозём) тапшылығана байланысты көмектесулерін сұрап келген болатын. Өтініш иесінің мәселесі оң шешіліп ЖК «Жақсыбаев Құрманғазы» бір камаз қара топрақпен қамтамасыз ететіндігін жеткізді.
