''Қоғамдық қабылдау''
12 наурыз күні "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары, Казталов аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты Ерболат Бекмулдин аузаматтарға қоғамдық қабылдау жүргізді. Қабылдауда аудан тұрғындары тарапынан тұрғын үй және еңбек заңдылықтарының орындалуы мен әлеуметтік тақырыптарда сауалдар жолданды. Депутат Ерболат Мұратқалиұлы кейбір мәселелрдің партияның 2025 жылға арналған Жол картасы негізінде шешімін табатындығын жеткізді. Ал Жол картасына енбеген, тұрғындар өтінішін қанағаттандыру мақсатындағы ұсныыстар назарында болатындығын айтты. Тұрғындар партияға сенім білдіре отырып, айтылған мәселелер жерде қалмай, шешеімін табатындығына үмітті екендігін атап өтті. "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы
