ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қоғамдық қабылдау

9 наурыз күні ауыл тұрғыны Тарғын Сарсенов "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдиннің қабылдауында болды. Қабылдау барысында ауыл тұрғыны өзінің еш жерде тіркеуде жоқ екендігін, салдарынан тиісті құжаттар мен қызмет түрлерін ала алмай жүргендігін жеткізді. Ерболат Мұратқалиұлы азаматтың өтінішін қабылдай отырып, мәселенің өзінің назарында болатындығын тілге тиек етіп, шешу жолдарын атап өтті. Сонымен қатар партияның ықпалымен аталған азамат Ихсанов көшесіндегі 2-ші үйге тіркеуге алынды. Тарғын Сарсенов партияға ризашылығын жеткізді.