Қоғамдық қабылдау
Азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес" Nur Otan" партиясының Шортанды аумақтық филиалының қоғамдық қабылдауында бүгін онлайн режимде ZOOM платформасы арқылы аудандық мәслихат депутаты Қабылхан І.К азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында Шортанды кентінің тұрғыны, зейнеткер ауланы және үй маңындағы аумақты қар құрсауынан тазалауға көмек көрсетуді сұрады. Аудандық мәслихат депутаты Қабылхан І.К.№көмегімен "Jas Otan" қанатының еріктілері зейнеткерге ауланы және үй маңындағы аумақты қар құрсауынан тазарту бойынша атаулы көмек көрсетті.
