Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдау

#Repost @nur_otan

• • • • • •

«Nur Otan» заңгерлермен, адвокаттармен, медиаторлармен және нотариустармен тегін консультативтік кездесулер ұйымдастыруда

⠀

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Халыққа көмек» жобасы аясында «Nur Otan» Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің алаңында заңгерлермен, адвокаттармен, медиаторлармен және нотариустармен тегін консультативтік кездесулер ұйымдастырылды.

⠀

Пандемия жағдайын ескере отырып, азаматтарды қабылдау онлайн түрде жүзеге асырылады.

⠀

Заңгерлер – дүйсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін

Адвокаттар – сейсенбі және бейсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін

Медиаторлар – сәрсенбі және жұма сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін

Нотариустар – жұма сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін.

⠀

Консультацияға жазылу үшін төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласу қажет:

1. Call-орталық 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);

2. Whatsapp мессенджері 8 700 800 4441

3. [email protected]

⠀

Жобаның серіктестері: «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ, Республикалық адвокаттар алқасы, «Халықаралық медиация орталығы» РҚБ және Республикалық нотариаттық палата.

⠀

Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың қыркүйегінен бастап «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде отбасы, әйелдер және балалар құқықтары, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «111 шұғыл қызмет» арнайы байланыс орталығы іске қосылды. Оған 5 айға жетпейтін уақыт ішінде 5,8 мыңнан астам қоңырау түсті.

⠀

Жалпы, өткен жылы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне еліміз бойынша 393 мыңнан аса өтініш түсті. Бұл – 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл ретте соңғы 5 жылда партияға 1,2 млн адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн форматта. Олардың 92% оң шешімін тапты, тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді.

⠀

#NurOtan

1
0
216

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық қабылдау - Yvision.kz