Қоғамдық қабылдау

Облыс тұрғындарын толғандыратын негізгі тақырыптар әлеуметтік және тұрғын үй бағытында болды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, Өскемен қаласының Протазанов көшесінің тұрғындары 20 мыңға жуық қала тұрғыны бар үлкен ауданындағы жалғыз Халық банкінің есеп айырысу-кассалық орталығын жабу мәселесін қозғады. Жабылу рентабельділікке байланысты, алайда тұрғындар банктің салымшылары болып табылатындығын, сондай-ақ банк басшылығы қала тұрғындарының мүдделерін ескергендігін қалайтындарынын айтты.
Барлық сұрақтар "Nur Otan" партиясының Шығыс қазақстан облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Олег Васильевич Чугунковтың бақылауына алынды.
