Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдау

Бейнеудегі партия филиалында азаматтарды жеке және қоғамдық мәселелері бойынша қабылдадым.

1.Азанов Шайхы ағамыз Бейнеу стансасындағы теміржол мекемелерін жергілікті жерде тіркетіп, офистарын Бейнеуде ашу қажеттілігі, салық түсімдері аудандық бюджетке түсіру керектігі жөніндегі мәселені қозғады.

2. Бакаева Рахима апай көп балалы ана екендігін, мүгедек қызы барын, соған байланысты әлеуметтік жәрдемақы алуға көмектесу жөнінде өтініш білдірді.

3. Жұмаев Мырзатай ағамыз "Бейнеуэнергосервис" кәсіпорнының "Маңғыстау Жарық" мекемесіне қарызына байланысты бұғатталған есеп-шотын ашуға көмектесуді сұрады.

4. Бердібаев Теңел деген азаматымыз жұмысқа орналасу туралы мәселесін айтты.

5. Бердиев Әділбек ініміз кәсіпкерлік бағытындағы несиелік қиындықтарға тап болғанын, сот орындаушыларға бережақ қаражатын өтеуге ықпал жасауды сұрады.

Азаматтардың барлық сұрақтары қаперге алынып, заңды жолдары түсіндірілді. Жергілікті жерде шешілетін кейбір мәселелер аудандық партия филиалы мен штабқа тапсырылды. Жоғарғы деңгейде қозғалатын сұрақтар, алдағы уақытта шешімін табады деп ойлаймын.

#NurOtan

#edilzhangbyrshin

0
0
192

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық қабылдау - Yvision.kz