Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдау

Қабылдау барысында бірінші кезекте сөз алған С.Аубекеров аудан тұрғындарына "Nur Оtan" партиясы алдағы 5 жылғы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Оның ішіндегі ауыл шаруашылығына жасалатын жағдайларға тоқталды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандағы азық-түлік сақтау қоймаларының санын 2025 жылға 3-ке жеткізу , ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алаңын 60 гектарға дейін кеңейту есебінен және мал басының өсуі есебінен, оның ішінде, ірі қара мал басы– 25 мың басқа, жылқы –22 мың басқа, түйе – 9 мың басқа өсуі арқылы ауыл шаруашылығы өнімін шығаруды ұлғайту көзделіп отырғанын айтты. Екінші кезекте сөз алған Қ.Зайнова аудандағы білім саласы жөнінде сөз өрбітті. 2023-2024 жылдары Аққыстау ауылынан 250 орындық өнер мектебі мен Х.Ерғалиев ауылынан саз мектебі құрылысын салуға, аудан мектептеріне қажет ететін 25 маман тарту үшін жас ұстаздарға мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолдау көрсетуге,жыл сайын 120 педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға жоспарланып отырғанын айтты. Қорытындылай келе кандидаттар "Nur Оtan" партиясын қолдауға шакырды.

0
0
153

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық қабылдау - Yvision.kz