ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қоғамдағы әкелердің рөлі

Бүгін "Мақпалкөл ауылдық округі" бастауыш партия ұйымының ұйымдастырумен "Қоғамдағы әкелердің рөлі" тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуді "Мақпалкөл ауылдық округі" бастауыш партия ұйымының төрағасы Ғ.Бектаева ашып берді. . Аталмыш кездесуге ауылдағы көп балалы әкелер, ардагерлер қатысты.

«Қоғамдағы әкелердің рөлі қандай?» - тақырыбында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Мұстафин өз ойын ортаға сала білді әкелердің орны төрде. Жасыратыны жоқ, соңғы кездері отбасындағы әкенің беделі төмендеп кетті. Аналардың рөлі бірінші орынға шығып, ұлдарына айбарын көрсетіп, жұбайына нық сөзін айтатын жігерлі жігіттер қатары сиреді. Сондықтан, балаларына, жарына бәрін назарымен-ақ түсіндіретін бұрынғы әкелердің рөлін қайтару керек,-деді. Кездесуде ауылымыздың ақсақалы көп балалы әке Т.Бектаев "Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ" деген бір ауыз сөзге бүкіл тәрбиенің бастауын қазақ атамыз сыйғыза білген. Асқар таудай әкесін пана тұтқан бала қорқақ болмайды. Ал ана атты бұлақтың мейіріміне қанып өскен ұрпақ өзгеге де мейіріммен қарайды деп кездесуге келгендерге ақ батасын берді.