Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды
2020 жылдың 6 қазан күні БҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ұжымымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, Департамент басшысы Б.С.Қабдыраш қатысты.
Шара барысында Н.И.Самет қатысушыларды Агенттіктің негізгі жұмыс бағытымен таныстырды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға және қоғамда парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған заңнамалық бастамалар мен новеллаларға тоқталды.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
