Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кездесу өтті

2020 жылдың 8 қазан күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында облыстық Шекара қызметі департаментінің және онлайн форматта Көліктік бақылау инспекциясы мен Мемлекеттік қызмет істері департаментінің ұжымдарымен кездесу ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру болып табылады.

Шара барысында қатысушыларға Агенттіктің негізгі жұмыс бағыты таныстырылды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға және қоғамда парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған заңнамалық бастамалар мен новеллаларға тоқталды.

Сонымен қатар, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
190

Осы тақырып бойынша

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кездесу өтті - Yvision.kz