Қоғам өкілдерімен бірлесіп мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы
Ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаментімен және арнайы мониторингтік тобымен бірлесіп мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Қазіргі уақытта БҚО Мамандандырылған ХҚКО арнайы жабдықталған автодромның болмауына байланысты азаматтар «Е» санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыра алмауда (жүк тіркемесі бар құрамды жүргізу құқығы). Осыған байланысты, кандидаттар тиісті автодромы бар басқа қалаларға баруға мәжбүр болуда.
Жиын барысында БҚО Полиция департаменті, кәсіби жүргізушілердің қоғамдық бірлестігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ БҚО бойынша филиалы өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.
Мамандандырылған ХҚКО-ның аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну бойынша қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында мынадай шешімдер қабылданды:
ü практикалық емтиханнан өту үшін қолданыстағы автодромның жарамдылығын анықтау жөніндегі арнайы комиссия құру;
ü сарапшылармен бірлесіп БҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тиесілі мотодромда практикалық емтихан тапсыру мүмкіндігін қарастыру;
ü қаланың автомектептеріне тиесілі автодромдарда практикалық емтихандарды ұйымдастыру туралы мәселені қарастыру.
Бақылау мерзімі бар тиісті хаттама жасақталды.
