Қоғам белсенділерімен колледждерде мониторинг жүргізілуде
2019 жылдың 27 тамыз күні Орал ақпараттық-технологиялар және Халықаралық ақпараттық технологиялар, архитектура және құқық колледждерінде гранттар бөлуге емтихандар басталды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен тест тапсырудың объективтілігін, ашықтығын және адалдығын қамтамасыз ету мақсатында бақылаушы ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және арнайы мониторингтік тобының мүшелері мен «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.
Тестілеуге барлығы 258 абитуриент қатысып, тестілеу кезінде құқықбұзушылықтар анықталған жоқ.
