Оңалту құралдары ерекше қажеттіліктері бар адамдар бірыңғай интернет-порталдан таңдай алады
Оңалту құралдары мен қызметтерін ерекше қажеттіліктері бар адамдар бірыңғай интернет-порталдан таңдай алады — ҚР ЕХӘҚМ
«Біз мемлекеттік сатып алуларға жүгіне бермей, мүмкіндігі шектеулі жанға өзіне қажетті техникалық құралды, қызметтерді, әлеуметтік қызметкерді таңдауға мүмкіндік беруіміз керек». Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтып берді.
Ерекше қажеттіліктері бар қазақстандықтар арнайы портал арқылы бюджет есебінен қажетті техникалық және қозғалу құралдарын таңдап, сатып ала алады, бұл, өз кезегінде, сапасыз және сәйкес келмейтін арнайы құралдарды сатып алу мәселесін шешуге жол ашады.
«Әлеуметтік қызметтер порталы – мұнда ерекше қажеттіліктері бар азамат қандай да бір өнімнің немесе қызметтің жеткізушісін көріп, өзіне өнім таңдауға құқылы. Егер ол санаты жоғары техникалық құралды таңдаса, ол үстіне өзі ақша қоса алады (егер бағасы бюджетте көзделген бағадан қымбатырақ болса). Бұл техникалық құралдарға, реабилитацияға ғана емес, әлеуметтік қызметкерді, жеке көмекшіні, санаторийлік-курорттық емді таңдауға да қатысты», — деді С. Жақыпова.
Сонымен қоса, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі порталдың өз жұмысын жылдың соңына дейін бастауы керектігін атап айтты. Портал бірыңғай цифрлық алаңда әлеуметтік қызмет алушылар мен жеткізушілерді біріктіріп, сапалырақ қызметтер, құралдар, құрылғылар мен ассистивті технологиялар алуға мүмкіндік береді.
Статистика бойынша, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес, Қазақстанда 685 мың мүмкіндігі шектеулі жан бар, оның ішінде 421 мың адам (61,5%) еңбекке қабілетті жаста, 176 мың адам (25,7%) – зейнет жасындағы тұлғалар және 88 мың адам (12,8%) – 18 жасқа дейінгі балалар. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 1 шілдеден бастап төленетін жәрдемақы мөлшері көтеріледі.
«Егер бүгінде біз 31 мың теңге төлеп отырсақ, 1 шілдеден бастап 41 мың 578 теңге төлейтін боламыз», — деді С. Жақыпова.
Бүгінде ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды қолдау үшін мемлекеттік бюджеттен 323 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп отыр.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларды бағып отырған аналар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу туралы мәселе қарастырылып жатыр.
«Ерекше қажеттіліктері бар балаларды бағып отырған аналар үшін біз әлеуметтік жұмыс орындарын ашу мәселесін қарастырып жатырмыз, яғни олар үйде отырып жұмыс істей алатын болады. 24 сағат бойы анасының күтімін қажет ететін балалар бар, соның арасында ондай аналар жұмыс істеп, табыс таба алады», — деді С. Жақыпова.
Средства и услуги реабилитации люди с особыми потребностями смогут выбирать на едином интернет-портале — МТСЗН РК
«Мы должны уйти от процедур государственных закупок и дать человеку с ограниченными возможностями самому выбрать необходимое для него техническое средство, услуги, социального работника». Об этом сказала в ходе пресс-конференции на площадке Правительства вице-министр труда и социальной защиты населения РК Светлана Жакупова.
Казахстанцы с особыми потребностями смогут самостоятельно выбирать и приобретать необходимые технические устройства и средства передвижения за счет бюджета через специальный портал, который, в свою очередь, позволит решить проблему закупки некачественных и неподходящих спецсредств.
«Портал социальных услуг – это когда гражданин с особыми потребностями, увидев поставщика той или иной продукции или услуг, сам в праве выбирать себе продукт. Если он выбирает технические устройства выше классом, то он может доплатить (в случае если цена превышает запланированной в бюджете). Это касается не только технических средств, реабилитации, но и услуг, выбора социального работника, индивидуального помощника, санаторно-курортного лечения», — сообщила С. Жакупова.
Вместе с тем, вице-министр труда и социальной защиты населения отметила, что портал должен начать свою работу до конца года. Портал объединит на единой цифровой площадке получателей и поставщиков социальных услуг и предоставит возможность приобретать более качественные услуги, средства, устройства и ассистивные технологии.
По статистике, на 1 января 2019 года в Казахстане проживают 685 тыс. лиц с инвалидностью, из них 421 тыс. человек трудоспособного возраста (61,5%), 176 тыс. человек (25,7%) — лица пенсионного возраста, 88 тыс. человек (12,8%) — дети до 18 лет. Семьям, воспитывающих детей с особыми потребностями, с 1 июля будут повышены пособия.
«Если сегодня мы выплачиваем 31 тыс. тенге, то с 1 июля будем выплачивать 41 тыс. 578 тенге», — подчеркнула С. Жакупова. На сегодня для поддержки лиц с особыми потребностями из государственного бюджета выделяется более 323 млрд тенге.
Кроме того, рассматривается вопрос по открытию социальных рабочих мест для матерей, ухаживающих за детьми с ограниченными возможностями.
«Мамам, которые ухаживают за детьми с особыми потребностями, мы рассматриваем вопрос открытия социальных рабочих мест, то есть можно работать на дому. Есть такие категории детей, которые не требуют 24-часового присутствия, постоянного ухода, в перерывах она может осуществлять деятельность и получать заработную плату», — сказала С. Жакупова.
