#NurOtangaДауысБер#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#Jenimpazbol#біздіңкандидаттар
10 қаңтарда қазақ елі тағы бір үлкен тарихи таңдау жасап, саяси өмірінде тарихи дамудың даңғыл жолын айқындайды. Осы күні Мәжіліс пен жергілікті жерлердегі мәслихат депутаттары сайланатын болады. Бүгінде сайлауға қатысты үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
"Nur Otan" партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына және облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттығына ұсынылған үміткерлермен бірге жер-жерлерде тұрғындармен кездесудеміз.
Партияның Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес, Мырзакент кентінің тұрғыны Эльдар Қазыбековтың шаңырағында болдым.
Канвассинг аясында өткен кездесуде елдегі саяси күштердің көшбасында тұрған "Nur Otan" партиясының тәуелсіздік алған жылдың алғашқы сәттерінен бастап елдің экономикасы мен әлеуметтік жағдайының жақсаруына атсалысып келе жатқанын айтып, саяси додада қолдау білдіруге шақырдым.
Жаһандық пандемия кезінде де қайырымдылық шараларынан қалыс қалмай, гуманитарлық және материалдық, қаржылай көмек беріп келген партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, сайлаудағы дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығына тоқталдым.
Кездесу соңында еңбек ардагері батасын беріп, жеңіс тіледі.
