#NurOtangaДауысБер#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#Jenimpazbol#біздіңкандидаттар
Партиямыз әзірлеген 2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды тұғырнама – бүгінгі күннің күрделі ахуалына қатысты объективті көзқарас. Құжатта азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру бойынша барынша ойластырылған шаралар қамтылған. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы шаралар қарастырылған.
Бүгін Түркістан облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер ретінде және "Есіктен есікке" акциясы аясында ІІ және ІІІ топтағы мүмкіндігі шеутеулі жандардың шаңырақтарында болдым.
Шара барысында партиямыз барлық жандарға тең мүмкіндік қарастырып отырғанын айттым. Біз қазақстандық отбасылардың әл-ауқатының артуын, сәбилеріміздің бақытты балалық шағын, өскелең ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге, қарттарға, мүмкіндігі шеутелі жандарға қамқорлық жасауға ұмтылатынымызды айттым.
Партиямыздың сайлауалды бағдарламасымен толық таныстырып, 10-қаңтар күні өтетін сайлауда партияны қолдауға шақырдым.
