#NurOtangaДауысБер#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#Jenimpazbol#біздіңкандидаттар
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Үлкендердің өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестерін тыңдап, тәлім-тағылымдарын алу – біз үшін парыз. Себебі, мемлекеттің өсіп-өркендеуіне, болашақ ұрпаққа жағдай жасауда зейнеткерлеіміздің қосқан үлестері мен еңбектері ерен.
Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларын өсірген, еңбектерінің зейнетін көріп отырған шақта да ұрпақтарының игілік пен ізгілік, пайым мен парасаттан адаспауын қамтамасыз етіп отырған зейнеткерлеріміздің бірі – Ұлбазар Сейілова.
«Nur Otan» партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде және канвассинг шарасы аясында Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округі Жалын ауылында тұратын 80 жастағы Ұлбазар әжеміздің үйіне барып, партиямызды қолдауға шақырдым.
12 ұл-қыз тәрбиелеп өсірген алтын құрсақты ана Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастаған «Nur Otan» партиясына ақ жол тілеп, батасын берді. Әрдайым халықтың жанынан табылатын халықшыл партияны қолдайтынын айтты.
Сонымен қатар, дәл осы канвассинг шарасы аясында Атакент кентінде тұратын Ташкенбай Сарсенбаев ағамыздың шаңырағында болдым.
1986 жылы болған Чернобыль апатын өз көзімен көрген, 3-топ мүгедегі Ташкенбай мырза өзінің көрген-білгендерімен бөлісіп, ашық-жарқын сұхбат құрдық. Өткен мен бүгінді салыстырып, кемшіліктер мен артықшылықтарды сараптадық. Мен алдағы болатын сайлауда партиямызды қолдауға шақырып, «Nur Otan»-ның басымдықтары туралы баяндадым.
