#NurOtangaДауысБер#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#Jenimpazbol#біздіңкандидаттар
Елдің қоғамдық-саяси өмірінде ӘЙЕЛДЕРДІҢ рөлін арттыру, олардың қабілеттерін іске асыру үшін тең мүмкіндіктер жасау – біздің саясатымыздың басымдықтарының бірі.
Әйелдерді өкілдік етуші органдарға ұсыну үшін «Nur Otan» өзінің партиялық қатарына кем дегенде 30% әйелдерді қосады.
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, бизнесті қолдау бағдарламаларының шеңберінде жеңілдікпен кредиттер және гранттар беру арқылы олардың экономикалық белсенділігін ынталандыру орталықтары ашылады.
Халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеруде жеңіл өнеркәсіптің игі ықпалы өлшеусіз. Жергілікті тұрғындардың, әсіресе, әйелдердің, жастардың арасындағы жұмыссыздықты жоюдың бірден-бір тиімді жолы жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту болып табылады.
Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында шағын кәсіпкерлік саласына үлкен бет бұрыс байқалады. Мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында көптеген шағын кәсіпкерлік салалары жандана бастады атап айтсақ үйде жұмыссыз отырған ауылдардағы азаматшаларымыз осы қолдаудың арқасында кәсіптерінің нәсібін көруде. Соңғы екі жыл ішінде қазіргі заман талабына сай Ұлттық нақыштағы қыз жасауы, құрақ көрпелер,балаларға арналған жұмсақ ойыншықтар, тәтті нан-тоқаш цехтары және тігін шеберханалары ашылып ел игілігіне қызмет етуде!!! Алдағы уақытта Өңірлер, қалалар мен аудандар бойынша жұмыспен қамту, базалық әлеуметтік қызметтерге, түрлі мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділік шегінде гендерлік қажеттіліктер мен сұраныстар картасы әзірленеді.
