#NurOtan партиясы белсенді жастармен толықты...
#NurOtan партиясы белсенді жастармен толықты...
Бүгін "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы ғимаратында Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Л.Жұбанышқалиева ауданымыздың белсенді жастарына салтанатты түрде партиялық билеттер табыс етті.
Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай Құттықтау хат «Екпін» аудандық қоғамдық – саяси газетінің директор-редакторы Тоқмамбетов Темірболат Әнуарұлына табысталды.
Қорытындылай келе, Еліміздің елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының туған күнімен құттықтап, жаңадан қабылданған мүшелерге келешекте жұмыстарына табыс тіледі. «Nur Otan» партиясының өркендеуіне қарқынды үлес қосуға шақырды
