#NurOtan#JasOtan#BizBirgemiz#JenimpazBol#NurOtangaДауысБер#біздіңкандидаттар
Боевтар әулеті - біздің аудан жұртшылығына өте жақсы таныс. Мақтаарал ауданы Мақтаарал ауылдық округінде жылыжай мен бау-бақшасы жайқалған ауылды көрсеңіз - бұл Боевтардың ауылы . Мұндағы баудың 8 гектарына алма мен алхоры, 1 гектарына анар, 20 гектар жеріне жүзім өсірілген.
18 шағын қожалықты біріктірген «Хамро ата» кооперативінің жалпы жер көлемі 339,4 гектар болса, оның 6 гектарына жылыжай, 274,4 гектар жеріне мақта, 15 гектарға қауын, 20 гектарға жоңышқа, 10 гектар жерге жүгері, 8 гектарға жеміс-жидек өсіріп келген. Бұдан бөлек, «Хамро ата» фермерлік қожалығында мал бордақылау алаңы да бар. Онда бір уақытта 200-ден астам ірі қара мал бордақыланады. Сонымен қатар, кооперативтің "Cotton-Мақта" атты мақта зауыты жұмыс жасайды. Бір сөзбен айтқанда, бір ауыл тұтас бір индустриямен айналысуда.
Бүгін "Nur Otan" партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде және канвассинг шарасы аясында "Хамро ата" кооперативінің төрағасы, ауданымызға белгілі кәсіпкер Абдухашим Боевпен кездестім.
Партиямыздың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, басым бағыттар туралы түсіндірдім. Абдухашим мырзаны партия бағдарламасының ауыл шаруашылығын қолдауға арналған бөлімі қызықтырды. Бұған дейін де кооператив мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялар мен басқа да жеңілдіктерді алған екен. Осылайша Боев мырзаны 2021 жылдың 10-қаңтарында өтетін сайлауда партиямызды қолдауға шақырдым.
