«NUR OTAN» Тасқала: «ҮГІТ-НАСИХАТ НАУҚАНЫНА ТОЛЫҚТАЙ ДАЙЫНБЫЗ!»
«NUR OTAN» Тасқала: «ҮГІТ-НАСИХАТ НАУҚАНЫНА ТОЛЫҚТАЙ ДАЙЫНБЫЗ!»
Бүгін «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалында Сайлауалды штабтың таныстырылымы өтті. Онда «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық Сайлауалды штаб жетекшісі Люция Әсетқызы Жұбанышқалиева штабтың құрамымен таныстырып, үгіт-насихат науқанына дайындығы жайында баяндады.
«Өздеріңіз білетіндей, 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталады. Қазіргі таңда біздің филиалда барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешілді, белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары дайындалды. Осыларды ескере келе үгіт-насихат науқанына Тасқала аудандық филиалы толықтай дайын», – деп атап өтті Люция Жұбанышқалиева.
