«Nur Otan»: Семейдің тарихи-мәдени мұраларын дәріптеу арқылы туризмді дамытамыз
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан үміткер Марат Құрманбай, Семей қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Найля Альменева мен Еркебұлан Тұрсын Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның және Семей Мәдениет үйінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мәдениет қызметкерлеріне «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Сондай-ақ, қалаға қатысты бірнеше сұрақтар талқыланды.
-

Семей – рухани және мәдени мұра орталығы болғандықтан, партия мұнда бірқатар ауқымды жұмыстарды жүзеге асырмақ. Мәдениет үйлері мен клубтар жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерін, дәстүрлі өнерді дамыту, қаламыздағы тарихи-мәдени мұраларды дәріптеу арқылы туризмді дамыту көзделген. Қабылданған шаралар қайталанбас рухани дәстүрлерді одан әрі сақтап, кеңінен насихаттайды, - деді Марат Құрманбай.
Өнер саласының қызметкерлері үміткерлерге көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.
Соның ішінде біраз уақыт сұраққа айналған ҚМС ғимаратына Бибігүл Төлегенованың есімін беру туралы мәселе көтерілді.
- Үгіт насихат тобы аталмыш сұрақты назарға алынып, партияның сайлауалды штабына жолдайтын болады. Ұжымдарыңызға сәттілік және жаңа белестерді бағындыруды тілейміз, - деді Еркебұлан Тұрсын.
Өз кезегінде мәдениет қызметкерлері партияға қолдау көрсетіндерін жеткізіп, алдағы сайлауда партияға жеңіс тіледі.
