Nur Otan: Семейде депутаттыққа кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды
Семей қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Равиль Сәбитов «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында пәтер алған Қарағайлы шағын ауданының тұрғыны Елена Гойдың үйінде болды. Әңгіме барысында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы, партия мүшелерінің мақсаттары мен міндеттері туралы айтты. Елена Гойдың айтуынша, Nur Otan партиясы халық мүддесін алға тартып, көптеген игі істерді іске асыруда.
Равиль Сәбитов партияның Қарағайлы шағын ауданына қатысты жоспарларымен бөлісті.
- Сайлауалды бағдарлама аясында Қарағайлыда алдағы уақытта жолдар жөнделіп, 2022 жылы 1200 орындық екі мектеп салу жоспарлануда. Сонымен қатар балаларға арналған Мұз модулі және басқа да көптеген нысандар салынатын болады. Сіздер бізді қолдайсыздар деп үміттенемін, өйткені біз азаматтарымыз үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Бұл біздің басты міндетіміз, - деді кандидат.
Сондай-ақ, Семей қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Марат Мәкішев ҚР еңбек сіңірген машина жасаушысы, "DAEWOO BUS KAZAKHSTAN" ЖШС автоқұрастыру зауытының өндіріс жөніндегі директоры Борис Лысогормен кездесті.
- Сіздерге партиямыздың бағдарламасын ұсынғым келеді. Біздің партия жұмыс істеп тұрған барлық кәсіпорындарды қолдап, жұмыс орындарын сақтап, қосымша жаңа жұмыс орындарын ашуға бар күшін салады. Яғни ең бастысы-кәсіпкерлерді қолдау. Сондықтан біз бүгін сіздермен кездесіп, ойларыңызды білмекпіз, - деді кандидат өз сөзінде.
Борис Иванович Nur Otan партиясының бағдарламасы қала тұрғындарына кеңінен жеткізіліп, адамдарға ұнайтыны туралы пікір білдірді.
- Менің ойымша, біздің зауыт жұмысшылары бағдарламаны түсініп, қолдау көрсетеді. Біз оларға осы бағдарламаның барлық мақсат-міндетін жеткізуге тырысамыз, - деді Борис Лысогор.
Тағы бір канвассинг кездесуді облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Жұмабек Ибраев өткізді. Ол қазақ күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі, «Халық Барысы-2019» жеңімпазы Дәурен Нұралиновпен кездесті. Әңгіме барысында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының бағыттары мен мақсаттары айтылды.
- Биыл Nur Otan партиясы сайлауға тыңғылықты дайындалды. Біз сайлауалды бағдарламада айтылған мақсаттарды орындау үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Мен құрылыс саласындағы маман болғандықтан, құрылыс мәселелерімен айналысуды жоспарлап отырмын. Қазір біздің қаламызда үйлер мен жолдар салынуда. Бұл бағыттағы жұмыстар белсенді түрде жалғасатын болады, - деді Жұмабек Жаңбырбайұлы.
Дәурен Нұралиновтың айтуынша, тұрғындар қазір қалада болып жатқан барлық өзгерістердің және қала тұрғындарына берілген игіліктердің куәсі. Ол Nur Otan партиясына болашақта табыс және алдағы сайлауда жеңіс тіледі.
