Nur Otan сайлаудан кейін өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын іскеасыру бойынша Жол карталар әзірледі
#Repost @nur_otan
• • • • • •
«Nur Otan» партиясы сайлаудан кейін бір ай уақыт ішінде өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол карталарын әзірледі. Сонымен, биыл еліміздің солтүстік өңірлерінің тұрғындары үшін не істеледі?
Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында әрбір өңірде, қала мен ауданда жүйелі бақылауды қамтамасыз ету үшін нақты нысаналы индикаторлар мен мерзімдер белгіленіп, сондай-ақ оған жауапты орындаушылар айқындалды.
📷Ақмола облысында @akmola_nurotan алдағы 5 жылда 1948 көрсеткіш пен 5175 іс-шараны орындау көзделген. 2021 жылы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы 16,4% ға, 2022 жылы – 38,3%-ға, 2023 жылы – 59,9%-ға, 2024 жылы – 80,3%-ға және 2025 жылы 100%-ға орындалатын болады.
Биылдың өзінде 27 медициналық нысанның 14-і, 119 мектептің 37-сі, 21 балабақшаның 5-еуі, 60 спорт нысанының 22-сі салынады. 5 жыл ішінде 3,4 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, 80 мыңнан астам жұмыс орны ашылады және тағы да басқа істер атқарылады.
📷Қостанай облысында @nurotan_kost 2215 көрсеткіш пен 6491 іс-шараны орындау жоспарланған. 2021 жылы өңірлік сайлауалды бағдарлама 20,1%-ға, 2022 жылы – 40,1%-ға, 2023 жылы – 60%-ға, 2024 жылы – 79,9%-ға, ал 2025 жылы толығымен жүзеге асырылады.
Осы жылдың соңына дейін 2803 км автожолдың 480 шағырымы, 923 км сумен жабдықтау құбырының 160-ы, 207,6 км газбен жабдықтаудың 44,4 км салынып, реконструкцияланады.
Жалпы, 80 мың жұмыс орнын құру, 42 жаңа кәсіпорын ашу және кеңейту, 2,2 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Қостанай қаласында 1750 орындық 4 студенттер жатақханасын салу, сондай-ақ, тұрғын үй сатып алуға несие беру, көтерме жәрдемақы беру және т. б. арқылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 1500-ден астам білікті жас мамандарды әлеуметтік қолдаумен қамту жоспарлануда.
📷Павлодар облысында @nurotan_pvl Жол картасы аясында 2691 көрсеткіш пен 1888 іс-шараны орындау көзделген. 2021 жылы партияның сайлауалды бағдарламасы 16%-ға, 2022 жылы – 34%-ға, 2023 жылы – 58%-ға, 2024 жылы – 73%-ға және 2025 жылы 100%-ға іске асырылады.
2021 жылдың өзінде 14 000 пәтердің 2 444-і, 3 медициналық нысан, жастарға арналған бір жатақхана, 5 мектептің 2-еуі, 28 спорт нысанының 5-і салынады.Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 364 нысанның 161-і қайта бейімделеді.
⠀5 жыл ішінде 69 мың жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы жеңілдетілген несие беруді, келісімшарттық қаржыландыру тетігін, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша техника, жабдықтар лизингін кеңейту арқылы дихандарға барынша қолдау көрсетуге ниетті. Егіс алқаптарын кеңейту, көтерме-тарату орталықтарын салу сияқты тағы да басқа істер көзделіп отыр.
⠀Солтүстік Қазақстан облысында 2078 көрсеткіш және 1134 іс-шара бекітілді. 2021 жылы «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасы 21%-ға, 2022 жылы – 47%-ға, 2023 жылы – 74%-ға, 2024 жылы – 88%-ға және 2025 жылы 100%-ға орындалатын болады.
⠀Осы жылы 2,7 мың км автожолдың 394 шағырымы, 489,7 км сумен жабдықтаудың 127 шақырымы, 80 км жылумен жабдықтаудың 17 шағырымы, 280,8 км су тартудың 58,7-і салынып, реконструкцияланады.
⠀2025 жылға дейін 65 мың жұмыс орны ашылып, 8,9 мың пәтер, 11 медициналық нысан, 96 спорт нысаны, 2 мектеп және жастарға арналған 5 жатақхана салынады.
#NurOtan
