«Nur Otan» праймеризі гендерлік саясатқа жаңа леп алып келеді
Қазіргі таңда бізде әйел адамдар қоғамның барлық саласында қызмет етіп келеді.Қазіргі таңда бізде әйел адамдар қоғамның барлық саласында қызмет етіп келеді. Еліміздегі әйелдердің саяси белсенділіктері өсіп жатыр. Әйелдер ерлермен бірге басшылық қызметтерді қатар атқарып жүр. Әйелдердің саяси-әлеуметтік белсенділігі артып өз құқықтары үшін күресте жетістіктерге қол жеткізуде, дегенмен әлі де әйелдердің проблемалары өте көп. Олар бүгінгі таңда өздерінің мәселелерін қоғамда ашық айтып, оны шешуге дайын екендерін көрсетіп жүр.«NurOtan» партиясының Лидері Н.А.Назарбаев праймериз өткізу туралы тапсырмасы, партия қатарын «қайта жандандырудың» маңызды бөлігі екені әйелдердің көңілінен шығып, әйелдерге берілген 30% квотасын пайдалана отырып, «Nur Otan» партиясының әйел мүшелері, праймеризге аса үлкен белсенділікпен, жоғары жауапкершілікпен қатысты.Осы праймериздің ең басты ерекшелігі біздің елімізде гендерлік саясаттың дамуына өзіндік үлес қоса алғанында деп есептеймін. Біздің саяси жүйеде алғаш рет өткізілген праймериз белсенділігі жоғары әйел адамдар үшін «әлеуметтік лифт» болып партия ішілік іріктеуден өтуге зор мүмкіндік жасап әйел құқықтарына басымдық берілді.Праймериз мәслихат пен Мәжіліс депутаттарының қатарын сапалық жағынан өзгертіп, еліміздегі гендерлік саясатқа жаңа леп алып келеді деп үміттенеміз!
РЕКЛАМА
