Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясының жарғысына және саяси доктринасына өзгерістер жобаларын талқылады.

«Nur Otan» партиясы кезектен тыс ХХ Сьезінің жұмысшы органдары «Nur Otan» партиясының жарғысына және саяси доктринасына өзгерістер жобаларын талқылады.

«Nur Otan» партиясы ұсынған жаңа әлеуметтік саясат әдеттегідей өте қомақты әрі мағыналы болғанын айту керек. Көптеген келелі мәселелер көтерілді. Мәселен, қандай да бір бағыттағы бюджеттік шығындарды, жұмыссыздықты азайту, табиғатты сақтау, мектептердегі шығармашылық, ауыл мәселесі, оның ішінде ауылдарда арнайы жас мамандар үшін салынатын баспаналар. Ауылды жердегі халықтың жағдайын арттыру мақсатында ауылды білікті мамандармен қамтамасыз ету жолдарын алға қою мәселесі. Сол мамандардың материалдық жағдайын жақсарту мақсатында жұмыстану. Әсіресе спорт саласының дамуына күш салып, ірі қалаларда ғана емес, аудан, ауылды жерлердегі балалардың кәсіби жаттықтырушыдан тәрбие алуына көңіл бөлу және де білікті кадрлардың жалақысын көтеру мәселесіне қол жеткізу.

Бизнестің түрлерін дамыта түсу және де бизнес жолындағы бастамаларға бөгет болмау, бұл ретте бизнестің мемелекет тарапынан қадағаланатыны, қолдау көрсетілетіні қуантады.

Медицина саласына қатысты мәселелерді қамту, сондай-ақ дәрігерлердің жалақысын екі есеге көтерудің, оқу орындарында білім алушы студенттердің, білім дәрежесін көтеру мақсатында магистранттардың шәкіртақыларын екі жарым есеге дейін көтерудің орындалуын алға қойюы партия жұмысының нақтылығын көрсетсе керек. Осы ретте жатақханалардың көптеп салынатыны жөнінде сөз қозғалғанын айта кеткен жөн.

IT саласы мен туризмді дамыту, әлеуметті су, газбен қамтамасыз ету, жол жөндеу, интернеттің шалғай жерлерде де болуын қадағалау, Қазақстанның экологиялық өзекті мәселелерін (Семей, Арал, Балқаш, Жайық) көтеріп, мемлекет қызметкерлері жұмысының айқын болуын жолға салу, еріктілерді қолдау сияқты көптеген әлеуметтің жағдайын жақсарту жолына қойылған өзекті мәселелер көтерілгеніне мән беру.

Осындай келелі мәселелерді бірлігі, бейбіт өмірі мен тыныштығы мығым елде іске асыруға болады. Дипломатия, татулық пен бірлік өте маңызды. Еліміздің өркендеуін қаласақ, бір-бірімізбен мәдени диалог жүргізуіміз қажет.

0
0
167

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясының жарғысына және саяси доктринасына өзгерістер жобаларын талқылады. - Yvision.kz