Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Nur Otan партиясының XX Съезі

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен NurOtan партиясының кезектен тыс сьезі өтті. Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы да қатысып,нақты дамудың бағыт-бағдарын айқындап берді.Негізгі мақсат 10 қаңтарда өтетін сайлауға кандидаттар құрамын бекіту.Бүгін сьезді көре отырып Елбасымыздай көреген,дана атамыз тұрғанда,кемеңгер Президентіміз барда ,елімізге төнер қауіп жоқ екенін түсіндім.Осындай қиын пандемия кезінде,әлем экономикасының құлдырауы аясында,біздің еліміз айқын бағдарламалар мен реформалардың нәтижесінде алға қарай нық басатынымыз айдан анық.Әлем елдерінде түрлі толқулар болып жатыр ,оның соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласып жатқанын,экономикалары 10-20 жылға артқа шегерілуде ,осыдан біз сабақ алу керек. Осындай бейбіт өмір,жарқын болашақтың қадірін түсіну керек.Барша Отандастар бір тудың астына бірігіп,Елбасының салиқалы саясатын және Мемлекет басшымыздың кемеңгер ойларын жүзеге асыруға жаппай қолдау танытайық!!! Біз, жастар ,өз еліміздің патриоттары,бейбіт өмір мен жарқын болашақтың қолдаушылары болуға шақырамын!!! #Сайлау #Елбасы #Президент #NurOtan

0
0
116

Осы тақырып бойынша

Nur Otan партиясының XX Съезі - Yvision.kz