«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірлерге сапарлар мен партия өкілдерінің кейбір елді мекен тұрғындарымен өткен кездесулерінің қорытындылары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Б.Байбек партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының орталық және өңірлік деңгейдегі жоспарымен таныстырды.– Біз бюро отырысы мен партия съезін өткіздік. 216 сайлауалды бағдарлама бекітілді. Енді жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, – деді Елбасы.
