«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындауға бағытталған Жол картасын жүзеге асыру бойынша жоспарланған шаралар туралы баяндалды.
Сондай-ақ Елбасыға жаһандық пандемия салдарынан туындаған дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканың тұрақтылығын сақтау үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берілді.
– Үкімет алдында экономиканың 3 пайыздан артық өсімін қамтамасыз ету міндеті тұр. Бүгінде өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және ауыл шаруашылығы негізгі драйверлер болып саналады. Қызмет көрсету секторы қалпына келе бастады. Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін іскерлік белсенділікті ынталандыру шаралары үш бағытта жүргізіледі. Ол – қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, бизнеске түсетін ауыртпалықты азайту және өткізу нарықтарының қолжетімділігін кеңейту, – деді Асқар Мамин.
Сонымен қатар кездесу барысында ұлттық экономикаға инвестиция тарту жұмысының маңызы атап өтілді.
---
Председатель партии «Nur Otan» принял члена Бюро Политического совета партии, Премьер-Министра Аскара Мамина
В ходе встречи Первый Президент Казахстана был проинформирован о запланированных мерах по осуществлению Дорожной карты, направленной на реализацию Предвыборной программы партии «Путь перемен: достойную жизнь каждому!».
Кроме того, Елбасы была представлена информация о проводимой работе по сохранению устойчивости национальной экономики в условиях кризиса, вызванного глобальной пандемией.
– Перед Правительством стоит задача обеспечить рост экономики выше 3%. Сегодня основными драйверами являются обрабатывающая промышленность, строительство, сельское хозяйство. Наблюдается восстановление сектора услуг. Для поддержки субъектов предпринимательства будут реализованы меры прямого действия по трем направлениям стимулирования деловой активности: обеспечение доступа к финансированию, снижение нагрузки на бизнес, расширение доступа к рынкам сбыта, - сказал Аскар Мамин.
В ходе встречи была также отмечена важность дальнейшей работы по привлечению инвестиций в национальную экономику.
𝐄𝐥𝐛𝐚𝐬𝐲.𝐤𝐳
