«Nur Otan» Партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Партиялық бақылау комиссиясы облыс бойынша: Тұғыл (Тарбағатай ауданы), Қайнар және Шүлбі (Семей қаласы) және Ахмер (Өскемен қаласы) ауылдарының тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен уақтылы қамтамасыз етпегені үшін жауапкершілік мәселелерін қарады.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, Семей қаласының ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің және "Семей Водоканал"АІЖК өкілдерінің есептерін тыңдады.

