«Nur Otan» партиясының Шардара аудандық филиалында бекітілген кестеге сай қоғамдық қабылдау өтті
Бүгін «Nur Otan» партиясының Шардара аудандық филиалының бекіткен кестесіне сәйкес аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Махашев Асанбай Қуанышбайұлы аудан тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген азаматтар негізінен тұрғын үй, жол мәселелері бойынша сұрақтарымен жүгінді.
Бөлім басшысы көтерілген мәселелерге заң аясында кеңестер беріп, азаматтардың көтерген сұрақтарына қанағаттанарлықтай жауап берді.
