"Nur Otan" партиясының сенімді өкілі, Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат кездесуі.
"Nur Otan" партиясының сенімді өкілі, Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Н.Бейсекеев Тасарал ауылынының тұрғыны Аймаганбетов Ергали Балгараевичтің үйінде болып, әңгімелесті.
Аймаганбетов Ергали Балгараевич 1950 жылдың 23- маусымында Тасарал ауылында дүниеге келген. 1957 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттап, сегізжылдық білім алып, тоғыз, оныншы сыныптарды Сары-шаған кентіндегі №43-ші орта мектебінде бітірген. 1967 жылдан 1968 жылға дейін «Октябрьдің 50 жылдығы» атындағы балық аулау колхозында балықшы болып еңбек етті. Кеме капитанының көмекшісі болды. 1968 жылы Қарағанды педагогикалық институтының химия-биология факультетіне оқуға түсіп, 1973 жылы осы аталған оқу орнын тамамдады. Осы жыл Тасарал мектебіне мұғалімдік қызметке кірді. 1974-75 жылдар әскер қатарына болды. 1975 жылы қыркүйек айында мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. 1980 жылы селолық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып қызмет атқарса, 1980 жылы селолық кеңестің депутаты және селолық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Бірнеше дүркін селолық кеңестің және 1989-1994 жылы Приозерный аудандық кеңесінің депутаты болды. 1994-1999 жылдары колхоз басқармасының, одан кейін Кооператив төрағасы болып сайланды.
2000 жылдан бастап мектебіміздің директоры болып тағайындалды. ҚР Білім және Ғылым Министрлігі «Құрмет грамотасы», ҚР Қарағанды облысының білім беру департаменті «Құрмет грамотасы», Қарағанды МББҚБА «Ресурстық орталық» жобасын жүзеге асыру ісіне қосқан ерекше үлесі үшін «Құрмет грамотасы», Қарағанды облыстық Республикалық «Отан» саяси партиясының «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатымен», Ақтоғай аудандық әкімінің «Алғыс хаты» және Тасарал селолық округі әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған.
Ұлты қазақ. Адамгершілік қасиеті мол, мінезі салмақты. Шындықты жақсы көретін, турашыл, ауыл адамдарына сыйлы. Ауылымыздың қоғамдық- экономикалық дамуына қосары мол, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.
Бірге жұмыс жасап жүрген ортасында сыйлы, көпшіл, еңбекқор. Жарқылдаған жарқын мінезімен үлкендер арасында да, жастар арасында да ортақ тіл табысып, қолынан келген көмегін аямайды. Қазіргі уақытта 3 бала тәрбиелеп, отбасының ұйтқысы болып отырған әке.
ПОСТ С ФБ
