«Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының қорытынды жиыны өтті.
«Nur Otan» партиясының ғимаратында «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының қорытынды жиыны өтті. Басқосуда сөз алған «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев сайлауалды атқарылған насихат жұмыстарына тоқталды.
-ҚР Парламент Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сай, бүгін сайлауалды үгіт жұмыстары тоқтатылады. «Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалы сайлауға жақсы дайындықпен келді. Сайлауды қткізу жөніндегі күнтізбелік жоспарға сай желілік кесте үш кезеңге бөлініп, белгіленген шаралар уақытында және толық көлемде өткізілді. Шектеу шараларға байланысты онлайн форматта өткізілетін шараларға мән беріліп, ауданда 64 шара онлайн түрде өткізілді. 10118 тұрғын қамтылды. «Есіктен ескіке», «Канвассинг» және басқа да өткізілген шараларға 2592 аудан тұрғыны қатысты. Тұрғындармен кездесу барысында түрлі сипаттағы 33 ұсыныс-ескертпе түсті. Олардың орындалуы алдағы уақытқа белгіленді. Кандидаттардың арасында Есқайыр Елемесов, Тахир Қадимов, Мейіржан Хаби және Берік Ықсанов белсенділік танытса, штаб мүшелері арасынан Бекет Әліпқалиев барлық шараларға қатысып, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру және үгіт-насихаттық жұмыстарын белсенді жүргізді,- деді Б.Қуанәлиев.
Қысқа уақытта аудандық филиал тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылды.

