«Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт насихат жұмыстары жалғасуда.
Бүгін Маңғыстау облыстық мәслихатына үміткерлер Жолдыбаев Асылбек, Есен Кумискалиев,Ахмет Салманов, "Жанарыс" ЖШС жұмысшыларымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда бұл мекеме табиғи, синтетикалық, вискоза, полиэфир маталарынан жасалған арнайы киімдер тігеді. Кездесу барысында ұжым жұмысшыларына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы бес жылдық жұмыс жоспары баяндалды.
Сондай-ақ, жиын қатысушылары көкейде жүрген сауалдарын жолдады. Үміткерлер айтылған мәселелердің барлығын тізімге алып, алдағы уақытта партия ықпалымен оң шешім табатынын жеткізді.
