«Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт насихат жұмыстары жалғасуда
«Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт насихат жұмыстары жалғасуда.
Бүгін Маңғыстау облыстық мәслихатына үміткерлер Досжанова Ж. Е., Тасболатова Г., және Мұнайлы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бимембетова Г. А., Ахмедов А. С.,Ширшикбаев Е. А., Журынбай Б. М. «Сауқымбек» ЖШС ұн тарту комбинат жұмысшыларымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда бұл комбинат әртүрлі бағыттағы ұн өнімдерін өндіреді. Кездесу барысында зауыт жұмысшыларына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы бес жылдық жұмыс жоспары баяндалды.
Сондай-ақ, жиын қатысушылары көкейде жүрген сауалдарын жолдады. Сұрақтар мен мәселелердің басым бөлігі: тұрғын үй мен әлеуметтік қолдау мәселелері төңірегінде болды. Үміткерлер айтылған мәселелердің барлығын тізімге алып, алдағы уақытта партия ықпалымен оң шешім табатынын жеткізді.
#NurOtan
#JenimpazBol
#BizBirgemiz
#Tanday2021
