«NUR OTAN» партиясының Сайлауалды бағдарламасының орындалуы партия бақылауында.
Ағымдағы жылдың 21-22 қазан аралығында ШҚО «NUR OTAN» партиясы филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңестің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Л.Тұмашиновтың бастамасымен, кеңес мүшелері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, мәслихат депутаттарының, мердігер компания басшыларының қатысуымен «NUR OTAN» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасының Алтай және Катон-Қарағай аудандарында орындалуына мониторинг жүргізілді. Жұмыс тобы Серебрянск қаласында, Жаңа Бұқтырма кентінде, Алтай қаласында, Үлкен Нарын, Катон ауылында тұрғын үй құрылысын, Зубовск кентінде, Солоновка, Топқайын, Шыңғыстай ауылдарында орталықтандырылған су нысандарының, спорттық-сауықтыру кешендерінің құрылысы (Үлкен нарын және Катон ауылдары) қарқынын зерделеп, құрылыстың сапасына, орталықтандырылған су, жылумен қамтамасыз ету, жол мәселесін басты назарға алуды және нысандарды уақтылы қолданысқа енгізуді қадағалау ұсынылды. Аталмыш партиялық іс-шаралар облыстың басқа-да өңірлерінде атқарылатын болады.
