"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру
Елімізде Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өткізіледі.
Мәжіліс, Маңғыстау облыстық және Мұнайлы аудандық мәслихаттар депутаттығына үміткерлерOspan Kazakhbayev,Ахмет Салманов,Акылбай Сапаров,Киікбай Жақыпұлы,Марат Себасов,Жанар Байназарова,Акбурыш Абилова,Руслан Конысов,Бокенбай Муханулы,Кобей Каракулов,Дулат Букебаев,Акмейир Мырзагалина және штаб еріктілері Бауыржан мен Дариға "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын Мұнайлы ауданының тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстары барысында түсіндіріп өтті.
"Есіктен есікке" іс-шарасы аясында үміткерлер үй-үйді аралап, кездесулер барысында экономикалық тұрақтылық, әлеуметтік-бағытталған саясат, жастарға арналған бағдарламалар жайлы жан-жақты айтты. Сонымен қатар партия ауданда ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлетіндігі айтылды. Арнайы партиялық жобалар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталғандығы да аталып өтті. Ауыл тұрғындары үміткерлерден ауыл ішіндегі инфрақұрылым сұрақтары бойынша әңгіме құрды.
#NurOtan
#JenimpazBol
#BizBirgemiz
#Tanday2021


