Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Партияның атқарған жұмыстары мен алдағы 5 жылда жүзеге асыратын бағдарламалық жобаларын айтты. Тұрғындарға ерікті жастар тарапынан үгіт-насихат үнқағаздары таратылды.Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші. «Nur Otan» партиясы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салады.«Nur Otan» партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандарттарға сай болуын және әрбір азаматқа денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді қолдайды. Ауданда адамдарға алғашқы медициналық көмекті барынша жақындату: ауылдық медицинаны материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселелерін шешу, сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту, сондай-ақ 0-1 сатыдағы қатерлі ісіктерді уақтылы анықтау жұмыстарына ықпал етеді.Коронавирусқа байланысты шараларды күшейту жөнінде аудан әкімдері, басқарма басшылары мен тиісті мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың барлығына шектеу шараларына сәйкес жұмыстарды міндеттеп, нақты іс-шаралар жоспары жасалынады.

0
0
129

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. - Yvision.kz