ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасы жобасы талқыланды.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасы жобасы талқыланды.

Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ағымдағы жылдың 14 қаңтардағы «Nur Otan» партиясы парламенттік Фракциясының отырысында сайлауалды бағдарламаны жүзеге асырудың жол картасын әзірлеуді тапсырған болатын.

Осы орайда қалалық жол картасы жобасына 124 іс-шара енгізіліп, 10 нысаналы индикатор белгіленген. Әрбір жылға нақты көрсеткіштері бар тиісті «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған жол картасын нұротандық депутаттарқалалық мәслихаттағы фракция отырысында талқылап, пысықтады.

Фракция отырысында партияның қалалық филиалы төрағасы,қала әкімі Ибағаров Мақсат Оңғарбайұлы партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасы жобасында тұрғындарды алаңдатқан мәселелер қамтылғанын атап өтті.

«Nur Otan» партиясының Жаңаөзен қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Осыған байланысты облыстың сайлауалды бағдарламасында өңірді дамытудың 7 басым бағыты қарастырылды. Олар: экономикалық тұрақты қала, жайлы қала, әлеуметтік бағытталған қала, жастар үшін қала, тарих пен мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз қала.

Жол картасын іске асыру арқылы алдымен жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы халықты жұмыспен қамтуды арттыру шаралары басты назарға қойылды. Осы бағытта қаламызда атқарылып жатырған жұмыстардың қатары күннен күнге ұлғаюда. Аталған жол картасы аясында “Бизнестің жол картасы - 2025” бағдарламасы шеңберінде 104 жобаны қолдау, соның ішінде 21 жобаға өтеусіз негізде гранттар беруді, кешенді жоспар шеңберінде жыл сайын кемінде 200 адамды оқыту, “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры”, еншілес компаниялардың сатып алуларын бір көзден сатып алу механизмі арқылы 10 жобаны іске асыру арқылы жұмыс көздерін ашу көзделген – деді Мақсат Оңғарбайұлы.