"Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы назарында: Басымдық №1
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН РЕТТЕП, МЕДИЦИНА САПАСЫН АРТТЫРАМЫЗ
Кадр тапшылығын жоямыз
📷 Медицина қызметкерлерінің жалақысын 2,5 есе өсіреміз
📷 Білім берудің үздік стандарттарын енгіземіз
📷 Қажетті мамандарды даярлауға бөлінетін гранттар санын арттырамыз
Аймақтарда диагностика мен емдеуді қолжетімді етеміз
📷Қымбат медициналық қызметтерді қолжетімді етеміз
📷Жедел операциялар мен анализдер кезегін тәртіпке келтіреміз
📷Лабораториялық зерттеулердің жоғары деңгейін қамтамасыз етеміз
📷 Аудандық ауруханаларды заманауи томографиялар мен рентген аппараттарымен, ал перзентханаларды қажетті құралдармен жабдықтаймыз
📷 Аймақтарда заманауи 22 медициналық орталық саламыз
📷 Ауылдардың тең жартысынан астамын заманауи фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз етеміз
📷 Әр аймақта дәрі-дәрмектің қажетті резервін құрамыз
Медициналық сақтандыру қорының ашықтығын
қамтамасыз етеміз
📷 Қаржының жұмсалуын айқын етіп, цифрлы технологиялар арқылы жалған ақпарат беруін жоямыз
📷 Медсақтандыру қорының есептілігін қамтамасыз етеміз
📷 Сақтандыру жүйесіне медицина қызметкерлерінің кәсіби
жауапкершілігін енгіземіз
📷 Денсаулық сақтау қызметін бұқаралық бағалауды міндетті етеміз.
#NurOtan
#Қиындықтыеңсеріпженіскебіргежетеміз
#NurOtanқолда
