«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын таныстырды.
25 желтоқсан күні облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Меңдібаев, К.Ешманов, Н.Тумышев және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Т.Ерманов, А.Байжан, Ж.Ешманов, А.Ордабаева және С.Дүйсенбеков Бекі ауылында болып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын таныстырды.
Жиында сөз алған кандидаттар өз сөздерінде "Nur Otan" партиясы өзінің тарихында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бағытында баянды бастамаларға ұйытқы болып келеді. Бұл тұрғыда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығын өркендету, сол арқылы халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту-басты назарда.
Ендігі мақсат –белгіленген басты бағыттарды ел арасында кеңінен насихаттай отырып, қоғам алдында мүлтіксіз орындау. Біз айтып жүрген табыстарымыздың барлығы партиямыздың саяси басшылығының арқасында жүргізілген. Біз мемлекетіміздің берік негізін қалыптастырып, қоғамның біртұтастығын қамтамасыз еттік. «Nur Otan» партиясының аудан бойынша бекіткен сайлауалды 7 басым бағыты ауылдардың әл-ауқатын көтеру басым бағытқа ие. Бекі ауылында да көтеріліп жүрген елдік мәселелерге қанықпыз. Ауыз су, мектеп т.б мәселелер партия назарынан тыс қалмасы анық»,- деді.
Мұнан соң, облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер тұрғындардың тарапынан қойылған әрбір сұраққа баса назар аударып, тұщымды жауап берді.
Басқосуда ауылдың одан әрі даму жоспары мен болашағы туралы айтылды.
Кездесудің соңында үміткерлер бірауыздан "Nur Otan" партиясының Бекі ауылы тұрғындарының үміттерін қанағаттандырып, халықтың барлық топтарының мүдделерін қорғап және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтындықтарын айтты.
