Nur Otan партиясының саяси жұмыс департаменті директорының орынбасары Мақат ауданында
Нұр-Сұлтан қаласынан келген Гүлбиғаш Жеңісбекқызына аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсел Қаржауова праймериз төңірегіндегі дайындық шараларын айтып берді. Сондай-ақ, мәртебелі мейман ауданның белсенді жастарымен кездесіп, «Доссормұнайгаз» МГӨБ Бастауыш партия ұйымының жұмысымен танысты. Одан әрі жария пікірсайыс өтетін орындармен танысқан ол науқан кезінде сақтық шараларының қатаң сақталуын айтып, дайындық жұмыстарын қарады.
