ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толып отыр. Осы атаулы күнде елімізде мыңнан астам белсенді азаматтар біздің қатарымызға қосылды. Сан түрлі сала өкілдері, жас кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестік мүшелерімен қатар, белсенді жастар да табылды. Облыс бойынша 26 мыңнан астам партияластардың қатары жаңа 43 азаматпен толықты. Атап өту керек, өткен жылдармен салыстырғанда партиялықтардың арасында әйелдердің саны 30 пайызға артса, жастардың саны бес есеге көбейді.

Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаев атап өткендей, нұротандықтардың басты принциптері – жауапкершілік, командалық рух және партия идеалдары мен құндылықтарына берік болу. Біз осы Жарғы талаптарына сәйкес партиялықтардың сапалық құрамын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ партия жақтастарының институты да кеңейтілетін болады.

Салтанатты түрде бүгін партия қатарына енген азаматтарға партия мүшесі билеттерін Батыс Қазақстан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мукаев табыстады. Өзінің құттықтау сөзінде Мұрат Рахметұлы алдағы уақытта партия қатарына жаңадан қосылған азаматтарға зор үміт артылатындығын атап өтті.

«Осы айтулы күнде баршаңызды партия қатарына қосылуларыңызбен құттықтаймын! Өздеріңізге белгілі, партиямыз билік пен халық арасындағы байланыстырушы буын ретінде халық үшін аянбай қызмет етіп келе жатыр. Нақты істер партиясына қосылып, ел игілігі үшін тынбай еңбек етіп жүрген азаматтардың қатарында сіздердің де болатындарыңыз көңілге қуаныш ұялатады. Алдағы уақытта Сайлау алды бағдарламаларына енген барлық уәделерімізбен халқымыздың аманаттарын орындау міндеті тұр. Сондықтан еліміздің одан әрі дамуы жолында бірлесе жұмыс атқаратынымызға сенімдімін», - деп атап өтті Мұрат Мукаев.

Өз кезегінде партия қатарына жаңадан қабылданған жас кәсіпкер, БҚО Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, #BIZBIRGEMIZ жалпы ұлттық акцияның белсенді қатысушысы, жасотандық белсенді, Баракова Жадыра алғысын білдіріп, сенімді ақтауға бар ынта-жігерін салуға уәде берді.

«Біздің партиямыз – «Nur Otan» партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, әрқашан еліміз үшін күрделі әрі өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдап, олардың орындалуына әрдайым қол жеткізіп отырды. Тәуелсіздік жылдарында қоғамымыздың барша қазақстандықтарды біріктіретін және елдің баянды болашағына берік іргетас қалайтын басты құндылықтары қалыптасты. Партия әрқашан басқарудың тиімді моделінің, жаңаруға дайын болудың, ұтқырлықтың, жан-тәнімен берілудің үлгісі болуға тиіс. Барлық партия мүшелері мен барша қазақстандықтарға татулық пен бақ-береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының ұлы болашағы жолында барлық игі мақсаттарға қол жеткізулерін тілейміз!» - деп қорытындылады Мұрат Мукаев.