«Nur Otan» партиясының «Үркер» бастауыш партия ұйымының кезекті онлайн отырысы
Бүгін «Nur Otan» партиясының «Үркер» бастауыш партия ұйымының кезекті онлайн отырысы Атырау қалалық «Nur Otan» партиясы филиалының бірінші орынбасары Бейбіт Мырзағалиевтің және мәдениет саласы қызметкерлерінің қатынасуымен өтті.Күн тәртібіне қойылған басты мәселе ағымдағы жылдың қыргүйек айының 1-ші жұлдызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауы болды. Жолдауда атап көрсетілген барлық тарауларға жете тоқталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ел басқару, экономикалық даму, азаматтардың жағдайы, денсаулық және білім саласын қамтыған 11 тараудан тұрған жолдаудың ең басты үндеуі – халықтың әл-ауқаты мен әлемді теңселткен пандемия турасында екендігін атап өтті.
Ел болып жұмылып, дертке қарсы тұру - бүгінгі күннің басты міндеті.
