«Nur Otan» партиясының праймеризі бастау алды
Құрметті – Қапшағай қаласының тұрғындары!
Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, 17 тамыздан «Nur Otan» партиясының праймеризі бастау алды. Праймериз – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа, партияның, филиалдарының органдарына кандидаттарды ұсынуға және мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыным жасауға арналған партиялық тізімдерге одан әрі енгізу үшін алдын ала партияішілік іріктеу болып табылады. Кандидаттар праймеризге бастауыш партия ұйымының атынан немесе өзін-өзі ұсыну жолымен де қатысуы мүмкін. Бұл ретте партияның құндылықтарын ұстанатын және сайлау құқығы бар кез келген азамат үміткер бола алады. Осы орайда, егер Сіз ел өркендеуі жолында үлесіңізді қосып, ауданымыздың (қаламыздың) дамуына үлесіңізді қосқыңыз келсе праймеризге қатысуға шақырамыз. Кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамыздан басталып 28 тамызға дейін жалғасады. Толық ақпаратты nurotan.kz , primaries.kz сайты немесе ---- аудандық (қалалық) партия филиалында ақпарат алып, талапқа сай болсаңыз құжаттарыңызды өткізуге болады.
Қапшағай қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы Н.Құматаев
