«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауына бір жылда11 мыңнан астам адам көмек сұрап жүгінген
«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.
-Жиын барысында «Nur Otan» партиясы мүшелерінің, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшыларының партияның аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріндегі 2021 жылы атқарған жұмыс нәтижелері бойынша есебі тыңдалды.
2021 жылы партияның қоғамдық қабылдауларына 11 395 адам жүгінді. Азаматтар тарапынан түскен өтініштерді қарастыру нәтижесі бойынша 44% оң шешімін тапты, 56% түсініктеме берілді.
Қоғамдық қабылдау алаңдарында 3757 қабылдау өткізіліп, 7984 адам қабылданды, оның ішінде:
- фракция мүшелері-Парламент Мәжілісінің депутаттары - 2 қабылдау (16 адам);
- филиалдардың төрағалары, өңірлердің әкімдері және олардың орынбасарлары-415 қабылдау (1375 адам);;
- барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен-1141 мың қабылдау (2492 адам);
- жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары – 801. қабылдау (1594. адам);
- филиалдардың бірінші орынбасарлары-691 қабылдау (1395 адам);
- заңгерлер, медиаторлар және нотариустар-402 қабылдау (1122 адам). Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың өкілдерімен 304 тақырыптық және көшпелі қабылдау өткізіліп, 728 адам қабылданды,- деп атап өтті өз есебінде «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Қоқамдық қабылдау бөлімінің меңгеушісі Жансая Бахытқанқызы.
Сонымен қатар отырыс барысында «Nur Otan» партиясының Абай, Катон-Қарағай, Глубокое аудандарындағы филиал төрағаларының бірінші орынбасарларының есептеріде тыңдалды.
Жалпы сіздердің есептеріңізге қарасақ барлық тапсырмалар жүзеге асырылуда. Деседе бір айта кетерлігі жыл көлемінде жоғарыда есептері тыңдалған үш аудандағы филиалдардың жұмысының кемшіл тұстары бар. Бұл мәселе бойынша кейбір партия мүшелеріне сөгізтермен ескертулер берілетін болады. Біз партияның бағдарламаларымен бастамаларын уақытылы жүзеге асыруымыз тиіс. Сондай-ақ тұрғындардың арыз шағымдарында уақыттылы қарастырып күрмеулі мәселелерінің оңтайлы шешілуіне қол үшын беруіміз қажет,-деді «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мұхтар Әділбекұлы.
