Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Nur Otan партиясының мүшесі Айнұр Арғынбекова Восход кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

26 қараша күні қалалық мәслихат депутаты, Nur Otan партиясының мүшесі Айнұр Арғынбекова Восход кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді, онда инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі іс-шаралар туралы баяндады. Короновирустық инфекцияның пандемиясына байланысты санитарлық талаптар бойынша кездесу ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн өтті. Айнұр Арғынбекова Восход және Водный кенттеріндегі инфрақұрылымды жақсарту бойынша іс-шаралар енгізілген қаланың шет аймақтарын дамыту бағдарламасы туралы айтты. Тұрғындарды толғандыратын басты мәселе – кентті ауыз сумен қамтамасыз ету. Жыл соңына дейін магистралдық сумен жабдықтау жұмыстары аяқталады, ал келесі жылы су құбыры орамдардың ішіне де салынады. Сондай-ақ, Өскемен көшесінде жарықтандыру бағаналары мен шамдарын орнату бойынша жұмыс басталды, ал келесі жылы бұл жұмыс ЕҚДБ қолдауымен жарықтандыру жүйесін жаңғырту бағдарламасы бойынша босатылған Жарық нүктелерінің есебінен басқа көшелерде де жалғасатын болады. Восход және Водный кенттерінің шет аймақтарын дамыту бағдарламасы бойынша барлығы 10 көлемді іс-шара жоспарланған, оның ішінде ҚТҚ шығару, балалар және спорт алаңдарын салу және басқа да мәселелер бар. №34 ЖББМ-нің жұмысын жеңілдетуі мүмкін мектептің құрылысына келетін болсақ, бұл "Nur Otan" партиясы Семей филиалының сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан және келесі жылға жоспарланған. Восточный кентінде 1200 орындық мектеп салынады. Сондай-ақ, 2021 жылы Восход кентінде балабақша салынады. Онлайн-кездесу барысында қоғамдық көлік жұмысы, зират қоршауы, грейдеровка және жол төсеу мәселелері қозғалды. 26 ноября депутат городского маслихата, член партии Nur Otan Айнур Аргынбекова провела встречу с жителями поселка Восход, на которой рассказала о мероприятиях по улучшению инфраструктуры. По санитарным требованиям в связи с пандемией короновирусной инфекции встреча состоялась онлайн посредством программы Zoom. Айнур Аргынбекова рассказала о программе развития городских окраин, в которую включены и мероприятия по улучшению инфраструктуры в поселках Восход и Водный. Главный вопрос, который волнует жителей – это обеспечение поселка питьевой водой. До конца года будут закончены работы по проведению магистрального водоснабжения, а на следующий год водопровод заведут и внутрь кварталов. Также уже начата работа по установке столбов и ламп освещения по улице Усть-Каменогорской, а на следующий год эта работа будет продолжена и на других улицах за счет высвободившихся светоточек по программе модернизации системы освещения при поддержке ЕБРР. Всего по программе развития окраин в поселках Восход и Водный запланировано 10 объемных мероприятий, в том числе по решению проблемы с вывозом ТБО, строительству детских и спортивных площадок и другие. Что касается строительства школы, которая могла бы разгрузить переполненную СОШ №34, то это отражено в предвыборной программе Семейского филиала партии «Nur Otan» и также запланировано на следующий год. Школа на 1200 мест будет построена в поселке Восточный. Также в 2021 году будет построен детский сад в поселке Восход. Затронули во время онлайн-встречи и вопросы работы общественного транспорта, ограждения кладбища, грейдеровки и подсыпки дорог. #NurOtan #NurOtanSemeynurotan.semei

0
0
177

Осы тақырып бойынша

Nur Otan партиясының мүшесі Айнұр Арғынбекова Восход кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді. - Yvision.kz