"Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХХ съезі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХХ съезі делегаттарының алдында сөйлеген сөзінде бүгінгі таңда "Nur Otan" партиясы ел тағдырына жауапты ең басты саяси күшке айналып отырғанын атап өтті.
Қазақстан қазіргі ахуалға қарамастан стратегиялық даму мақсаттарын дәйекті түрде жүзеге асырып жатқанын жəне де Елбасы саясатының сабақтастығын қамтамасыз ету негізгі міндеттердің бірі екендігін тілге тиек ете келе Қазақстан тұрақты даму тұрғысынан мүмкіндігі мол нақты даму жоспарларын жүзеге асыруға бағытталған қаржылық ресурстардың жеткілікті екенін айтып өтті.
Жауапкершілікті сезіне алатын әрбір Қазақстан азаматының қолдауының арқасында біз ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, бизнес қоғамдастықты қолдап, мемлекеттің барлық əлеуметтік міндеттемелерді орындай алуын қамтамасыз еттік. Біздің бұған қол жеткізуіміз халқымыздың дәстүрлі құндылықтары, өзара жәрдемдесу, табандылық пен жанашырлық секілді қасиеттер ерекше рөл атқарады дей келе "Біз біргеміз" ұраны Қазақстандық патриотизмнің формуласына айналды деп айтуы әрбір партия мүшесіне үлкен жауапкершілік жүктейді.
"Жібек жолы" бастауыш партия ұйымының төрағасы Б.Бабасов

