"Nur Otan" партиясының кандидаттары үгіт-насихат науқанында әлеуметтік желілерді пайдалануда.
"Nur Otan" партиясының кандидаттары үгіт-насихат науқанында әлеуметтік желілер мен түрлі платформаларды оңтайлы пайдалануда. Бүгін Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Айман Кузбакова "Zoom" платформасында Жезқазған бизнес және көлік колледжі студенттерімен және "Jas Otan" ЖҚ белсенділерімен конференция өткізді.
Жастар қоғамның қозғаушы күші екеніне назар аудартқан Айман Бекенқызы партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын таныстырып, жастарды қолдауға бағытталған ауқымды шараларға тоқталды. Атап айтқанда, "Nur Otan" партиясы алдағы уақытта жоғары білім алу гранттарын 50%-ке ұлғайту, студенттердің шәкіртақысы мен магистранттардың, докторанттардың стипендиясын көтеру, жатақхана орындарын көбейту, сұранысқа ие мамандықтарды тегін оқыту мен жұмысқа орналастыру бойынша нақты міндеттерді өз мойнына алып отыр. Осы бастамалардың бірі қалмай жүзеге асуы үшін әрине "Nur Otan" партиясы атынан сайлауға түсіп жатқан кандидаттар саяси додада жеңіске жетуі тиіс дегенді алға тартқан кандидат жезқазғандық жастарды жарқын болашақ үшін Нұрсұлтан Әбішұлы бастаған еліміздің көшбасшы партиясын таңдауға шақырды.
@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
